Аймақтар
1 мин оқу 193

Алматы маңында тағы жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде, яғни Қытай аумағында тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы маңында тағы жер сілкінді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін Астана уақытымен 13:59-да тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,6», делінген хабарламада.

41 минуттан кейін дәл осы ауданда 4,2 балдық жер сілкінісі болды.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Бөлісу: