Қоғам
1 мин оқу 230
Астанада автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысты, адам шығыны бар
<p>Астанада автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Оқиға орнында бір әйел көз жұмды.
Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.
«Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», деп жазды қалалық полиция департаменті.
Бөлісу: