Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды – министрлік
<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі арасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p> <p> </p> <p> </p>

«Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз балаларымыздың, студенттер мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық ведомстволардың күш-жігерін біріктіруді көздеп отырмыз. Осы ынтымақтастықтың арқасында білім беру ұйымдары төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуде қосымша білім мен дағдыға ие болады», деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.
Сондай-ақ ведомстволар білім беру қызметкерлерін қауіпсіздік техникасына оқыту және оны тарату бойынша және білім беру ұйымдарының жеке құрамының әртүрлі төтенше жағдайларға дайындығын арттыру мақсатында іс-шаралар мен жаттығуларын бірлесіп өткізуді құптады.