Қоғам
1 мин оқу 262

Алматыдағы балабақшада бала аяусыз соққыға жығылған (видео)

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленуші соққыға жығылды. Бейнебақылау камерасына түсірілген кадрларға қарағанда, кішкентай бүлдіршінді өзі сияқты балалар төпелеген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыдағы балабақшада бала аяусыз соққыға жығылған (видео)

Желіде балалар өзінің топтасын аяусыз ұрып-соғып жатқаны бейнеленген видео тарады. Зардап шеккен баланың ата-анасы оқиға 21 ақпанда болғанын айтты.

Балалар тәрбиешілердің қарауынсыз қалған сәтте топтасын ұра бастады. Ал тәрбиеші өз кінәсін мойындамай, баланың өзі құлап қалғанын жеткізген.

Қазір бүлдіршін ауруханада жатыр, дәрігерлер оған мидың шайқалуы деген диагноз қойды.

Қалалық Білім басқармасының өкілдері тәрбиешіге қатысты қатаң сөгіс жарияланғанын алға тартты.

Бөлісу:
Алматыдағы балабақшада бала аяусыз соққыға жығылған (видео) · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар