Оқиға
1 мин оқу 490

Қарқаралыда өрттен төрт бала қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Кеше кешкілік Қарқаралы ауданы Талды ауылындағы жеке үй өртке оранған. Өкінішке қарай, төрт кішкентай бала қаза тапты.</p>

Қарқаралыда өрттен төрт бала қаза тапты

«23 ақпанда Қарқаралы ауданы Талды ауылында екі бөлмелі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар, жиһаздар, терезе-есік бөліктері өртенді. 2019, 2020, 2021, 2022 жылғы балалар көз жұмды», деп хабар таратты Қарағанды облысының төтенше жағдай департаменті.

Қайғылы оқиғаның себебі мен жай-жапсары анықталып жатыр.
Төтенше жағдай министрлігі төрт баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын, сараптама тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.


Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы

Бөлісу:
Қарқаралыда өрттен төрт бала қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар