Солтүстікте аяздың беті қайтады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» осы айдың 24-26 күндері аралығында еліміз бойынша ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Республиканың солтүстігінде аяздың беті қайтады, ал батысында антициклонның әсері сақталады, күн жауын-шашынсыз болады.
Болжам бойынша, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын көбіне қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болады. Еліміздің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы: республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 ℃ аяздан 10-23 ℃ аязға дейін жоғарылайды; шығыста түнде 12-22 ℃ аяздан 23-38 ℃ аязға дейін төмендейді; оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 ℃ аязға дейін төмендейді.