Еңбек
1 мин оқу 240

Түрлі кәсіпке баулитын курс

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері 11,2 мың азамат &laquo;Skills Enbek&raquo; кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Олардың ішінде 5,7 мыңға жуық адам &ndash; жұмыссыз. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Түрлі кәсіпке баулитын курс

Платформада барлығы 368 мың азамат болса, оның 12,5 мыңы 2024 жылы тіркелді. Биыл оқудан өткен 5,7 мың жұ­мыссыз азаматтың 1,7 мың­ға жуығы – негізінен Түр­кістан, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласының жастары.

Платформа іске қосыл­ған­нан бастап авторлар әртүрлі бағыт­ бойынша 475 курс жа­риялады. Оның 241-і – тегін. Сондай-ақ одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауы­су мүмкіндігімен «Courstore» және «Fluent Education» серік­тес­терінің курстары бар. Курс­тардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Қаңтар айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Жүріп-тұруы қиын адамдарды алып жүруге арналған жеке көмекшінің кәсіби курсы», «Экологиялық қауіпсіздік негіздері», «Сатушы», «Қар­жы­лық сауаттылық», «Мектеп жа­сына дейінгі балалармен жұмыс».

Платформада тұру және тамақтану, құрылыс және ТКШ, әлеуметтік қыз­мет көрсету, қаржы және бух­гал­терлік есеп, ақпарат­тық технологиялар және т.б. са­ла­лардағы түрлі маман­дық бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Былтырғы желтоқсан айынан бастап курстарды «Enbek» мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады. Қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын есте­ріңізге саламыз. 

Бөлісу:
Түрлі кәсіпке баулитын курс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар