Қоғам
1 мин оқу 141

«Қару кезенген». Қарақшылық жасаған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, &nbsp;деп &nbsp;жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

«Қару кезенген». Қарақшылық жасаған күдікті ұсталды

«24 ақпан күні күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің бірінде қарумен қорқытып, 792 мың теңге сомасында ақшаны иемденіп, қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, сондай-ақ автокөліктер тексерілгені» жазылған ақпаратта.

«Күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама тағайындалды», деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.

Қамауға алынған күдіктінің  мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас  бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
«Қару кезенген». Қарақшылық жасаған күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар