Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Бүгінде елімізде 2 миллион 343 мың зейнеткер бар. Оларға биылғы екі айда 306 миллиардтан аса теңге зейнетақы төленген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы көрсеткіштер негізінде орташа зейнетақы мөлшерін атады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді. Базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 миллиард теңге жұмсалды», делінген министрлік хабарламасында.