Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды. Іс сотқа түсті
<p style="text-align: justify;">Қоғамды дүр сілкіндірген Бишімбаевтың ісі сотқа жетті. Мұндай ақпарат Астана қалалық сот кеңсесінде пайда болды. Құжатта экс-шенеунікке екі бап бойынша айып тағылғаны көрсетілген, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2024 жылдың 26 ақпанында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдіктілер Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті.
«Күдікті Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылды.
Күдікті Б.Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша аса ауыр қылмысты жасыру және Қылмыстық кодекстің 434-бабы аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылды», деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қылмыстық-процестік кодекстің 319-бабына сәйкес, судья істі сотта қозғау туралы шешімді 5 тәуліктен кешіктірмей шығарады.