Қазақстанда күн жылына бастайды
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 27,28,29 ақпан күндері Қазақстанда ауа температурасы жоғарылап, күн жылына бастайтынын хабарлады. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> жазады.</p>

Синоптиктердің болжамына сәйкес, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда атмосфералық фронттардың ықпалы болады, сондықтан қар түріндегі жауын-шашын түссе де, ауа температурасы төмендемейді. Аталған аймақтарда қар жауып, жел болады. Сондай-ақ республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын салдарынан көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін.
Елдің батысында жоғары қысым басым болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күндізгі температура 0-5 градусқа дейін жетеді.
Жалпы Қазақстан аумағынан аяз ығысып, сынап бағанасы - 6- 0 градусты көрсетеді.