Өнер
1 мин оқу 100

Қазақ музыкасы – Вашингтонда

<p style="text-align: justify;">Қазақ өнері өзіне тән өрнегімен шетел жұртын таңдандырып жүргені мәлім. Тіпті қазақ тілін үйренуге ықыластылардың саны артып келеді. Таяуда ғана ұлт өнері Америкада тағы бір асқақтады.</p>

Қазақ музыкасы – Вашингтонда

Қазақстан дипломаттары мен Ва­шингтондағы халықаралық фортепиано өнері кеңесінің қол­дауымен АҚШ-тағы Қазақстан ел­шілігінде «Көктем шуағы» клас­сикалық музыка кеші болып өтті.

Іс-шараға АҚШ Мемлекеттік депар­таментінің, Вашингтонның дипло­матиялық корпусы мен амери­калық сарапшылар қауым­дас­тығының өкілдері, сон­дай-ақ мәдениет және өнер қай­рат­керлері қатысты. Классикалық шығармаларды маэстро, Ва­шинг­тон классикалық музыка қо­ға­мы­ның негізін қалаушы, виртуоз пианист Наталья Казарян орындады.

Концерт барысында қонақтарға белгілі композитор Нағым Мең­діға­лиев­тің «Дала» композициясы орындалды. Келген қонақтарды тәнті еткен еліміз­дің жарқын туындысымен қатар Иоганн Себастьян Бах, Лили Буланжер және Морис Равелдің классикалық музыкасы ұсынылды.

Концерттік бағдарлама алдында сөз алған Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев өнер мен музыканың шекара таңдамайтынын әрі берік қарым-қатынастарды нығайтуға көмектесетінін ерекше атап өтті. Му­зыка әртүрлі мәдениет пен ұлт өкіл­дерін біріктіре алатын әмбебап тіл еке­нін де сөз етті.

– Қазақстанды жақсы көремін. Менің ойымша, қазақ халқы – ерекше, кеңпейілді, ақкөңіл, адал, шыншыл, ғажап, еңбекке бейім халық. «Қазақ халқын ерекше құр­меттеймін және өзімді қа­зақ­­пын деп есептеймін, – деді Ва­шинг­­тондағы дипломатиялық қоғамдық қарым-қатынастар ұйы­мы­ның өкілі Рода Септиличи.

Аталған іс-шара тек музыка мерекесі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ халықтары арасындағы мәдени байланысты нығайтудағы маңызды қадам екені сөзсіз.

Бөлісу:
Қазақ музыкасы – Вашингтонда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар