Футбол
1 мин оқу 80

Суперкубокті «Тобыл» алды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан суперкубогінің иегері анық&shy;талды. Финалдық сайыста Шым&shy;кенттің &laquo;Ордабасы&raquo; мен Қостанайдың &laquo;Тобыл&raquo; клубтары күш сынасты.</p>

Суперкубокті «Тобыл» алды

Оңтүстіктің оғландары былтырғы мау­сымда Қазақстан чемпионы атанса, қос­танайлықтар кубокті иеленді. Ел футболы тарихында аталған жарыстың финалы тұңғыш рет өзімізде емес, өзге мемлекетте, яғни Түр­кияның Анталия қаласындағы «Титаник Мардан» стадионында өтті. Бірінші таймның соңғы секундтарында Асхат Тағыбергеннің бұ­рыштамадан берген добын Евгений Ма­каренко қақпаға дәл түсірді. Үзілістен кейін «Тобыл» таразы басын теңестірді. Бұл голды 65-минутта Иван Миладинович салды. Есеп – 1:1. Пенальти соғуда «Тобылдың» ойыншылары дәлдік танытты – 5:4. Сөйтіп, Қос­танайдың командасы өз тарихында үшінші мәрте Суперкубокті иеленіп отыр. Ал «Ордабасы» қатарынан екінші рет финалда жеңіліс тапты. Былтыр олар шешуші матчта «Астанаға» есе жіберген еді.

Суперкубокті олжалаған командаға 60 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі. Шешуші матчта жеңіліс тапқан клубтың ойыншылары да құрқол қайтпады. Олар 40 млн-ды еншіледі.

Бөлісу:
Суперкубокті «Тобыл» алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар