Спорт
1 мин оқу 150

Қанжығада – қос қола

<p style="text-align: justify;">Польшаның астанасы Варшавада Еуропа кубогі өз мәресіне жетті. Бұл жарысты Қазақстанның дзюдо&shy;шылары қос қола медальмен қоры&shy;тындылады.</p>

Қанжығада – қос қола

60 кг салмақ дәрежесінде күрескен Шерзод Давлатовтың тек франциялық Максим Мер­лине әлі жетпеді. Өзге қарсыластарының барлығынан басым түскен ол команданың қоржынына алғашқы жүлдені салды. Жұбаныш белдесуінде отандасымыз Францияның тағы бір өкілі Винсент Лимардың аяғын көк­тен келтірсе, үшінші орын үшін тартыста грузия­лық Тома Гелашвилиді тізе бүктірді. Әйелдер арасында аса ауыр салмақта белдескен Мә­дина Парагулгова дәл сол межеден көрінді.

Варшавада Ердәулет Бозша (66 кг) пен Айбек Серікбаевтың да (+100 кг) жеңіс тұ­ғы­рына көтерілуге жақсы мүмкіндіктері болды. Алайда олар қола медаль үшін бәсе­кеде ұтылып, бесінші орынды қанағат тұтты.

Бөлісу:
Қанжығада – қос қола · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар