Қоғам
1 мин оқу 166

Қазақстанға вейптерді заңсыз жеткізген күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Құрамында психотроптық зат бар вейптерді ел аумағына жеткізу арнасы әшкере болды. Аталған фактіні&nbsp;ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанға вейптерді заңсыз жеткізген күдікті ұсталды

− «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді, − делінген хабарламада.

Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген екен. Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікті 2 ай мерзімге қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Тергеу мүддесіне сай өзге мәліметтер жарияланбайды.

Бөлісу: