Оқиға
1 мин оқу 375
Алматыда автобус толығымен өртеніп кетті
<p style="text-align: justify;">Қазіргі уақытта өрт қызметкерлері жалынды сөндірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

«Бүгін сағат 11:45-те «Қарасу» ықшамауданында жанып жатқан автобус туралы хабарламаға Алатау өңірінің құтқарушылары жіберілді. Құтқарушылар 11:53-те жетті, автобус ішінде жолаушылар болған жоқ. Өрт 12:00-де сөндірілді. 10 шаршы метр аумақты шарпыды», деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу: