Теннис
2 мин оқу 112

Америкада атой салды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның теннисшісі Дмитрий Попко өткен аптада керемет ойын өрнегін көрсетіп, өз жанкүйерлерін қуантты. Айналдырған бір ай аралығында АҚШ-тың Санрайз және Палм-Коуст қалаларындағы ITF турнирлерінде топ жарған отандасымыз күні кеше ғана аталған мемлекеттің Нейплс шаһарында да қарсылас шыдатпады.</p>

Америкада атой салды

Аталған доданың ширек финалында ол румыниялық Габи Адриано Бойтанодан басым түсті – 7:5, 7:6. Жартылай финалда Доминикан Республикасының өкілі Роберто Сид Сувериге сан соқтырды – 6:3, 4:6, 6:2. Фи­нал­да эквадорлық Андрес Ан­дра­демен әбден тіресті. Бірін­ші сет Оңтүстік Америка ой­ын­шысының пайдасына ше­шілді. Екіншісінде, Дмитрий 1:5 есебімен ұтылып жатып, кере­мет камбэк жасады. Сол екпі­німен үшінші сетті де табысты аяқ­тады. Нәтижесінде, 3:6, 7:6 және 6:4 есебімен жеңіске жеткен Попко АҚШ-тағы турнирлерде қатарынан үшінші мәрте бас жүл­дені олжалады.

Өкінішке қарай, еліміздің үздік теннисшілері өткен аптаны сәтсіз аяқтады. БАӘ-нің Дубай қа­ласында ұйымдастырылған жүл­де қоры 3 211 715 долларды құрайтын турнирді Елена Ры­бакина жап-жақсы бастады. Алғашқы айналымда бос бол­ған отандасымыз екінші ке­зең­де әлемнің бұрынғы бі­рінші ракеткасы, беларустік Вик­тория Азаренконы жолы­нан ығыстырды. Іле-шала WTA рейтингінде 53-орында тұрған поль­шалық Магдалена Френхке қарсы ойында 7:6, 3:6, 6:4 есебімен басым түсті. Ширек финалда Рыбакина әлемнің 26 ракет­касы италиялық Ясмин Пао­линмен күш сынасуға тиіс еді. Алайда сын сағатта денсаулығы сыр беріп, соның салдарынан Елена жарыс­ты аяқтауға мәжбүр болды.

Дохадағы АТР турнирінің бас­тапқы бәсекелерінде қарсы­ластарын қапы қалдырған Алек­сандр Бублик ширек финалда сүрінді. Ол ойда-жоқта Аус­тралияның өкілі Алексей По­пыринге 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Осы кездесуде жеңіске жеткенде отандасымыз ТОП-20 теннисшінің қатарына ене­тін еді. Бірақ Бубликке ондай бақ бұйырмады. Таиландта өнер көрсетіп жатқан Жібек Құлам­баева да дәл сол межеде жеңі­лістің кермек дәмін татты. Қа­зақ қызы бельгиялық Клара Влас­селардан жеңілді – 6:2, 4:6, 4:6.

Дубайда ATP-500 додасының тұсауы кесілді. Бұл жарыста Қазақстанның қос теннисшісі бақ сынап жатыр. Александр Шевченко алғашқы айналымда әлемнің төртінші ракеткасы ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасты. Ал Александр Бублик чехиялық Томаш Ма­хачпен шеберлік байқасты. БАӘ-дегі турнирдің жүлде қоры 113 270 долларды құрайды.

Бөлісу:
Америкада атой салды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар