Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды
<p style="text-align: justify;">Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне орай Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды. Акция аясында Қарағанды Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен Тәттімбет атындағы колледж студенттері облыс тұрғындарын ерекше құттықтады.</p>

Студенттер бірнеше күн бойы ұлттық киім киіп, қала тұрғындары мен қонақтарына құрт таратты. Түрік халықтарының дәстүрлі тағамдарын ұсынып, халық әндерін орындады.
Алдағы уақытта мереке қарсаңында облысымыздың аудан-қалаларында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Мәселен, «Теміржолшылар» мәдениет үйінде «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» дөңгелек үстелі өтеді. «Молодежный» мәдениет үйінде «Шын жүректен, мың алғыс», М.Әуезов атындағы кітапханада «Рахмет саған – Туған ел» музыкалық кеші өтеді. Мұнымен қоса, қаланың балалар мен жасөспірімдер клубтарында «Мен алғыс айтамын» ақпараттық сағаты ұйымдастырылып, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде «Алғыс айту – асыл қасиет» концерттік бағдарламасы қойылады.
Осылайша, қарағандылықтар бір-бірінің көңілінен су ішіп жүр.