Тағайындау
1 мин оқу 243

Астана қаласы Есіл ауданының әкімі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Астана қаласы Есіл ауданының әкімі лауазымына 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Астана қаласы Есіл ауданының әкімі тағайындалды

Еңбек жолын 2006 жылы «Мүлһин» Қоры» қоғамдық бірлестігінде бастаған ол әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

29.08.2012 - 06.02.2013 аралығында «Жетісу ӘКК» ҰК» АҚ (Талдықорған қ.) басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

07.02.2013 - 18.03.2013 – Талғар ауданы (Алматы облысы, Талғар қаласы) әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.

18.03.2013 - 15.11.2019 жылдар аралығында Талғар ауданы әкімінің орынбасары (Алматы облысы, Талғар қаласы) болды.

Аталған тағайындауға дейін 2019 жылдың 19-ыншы қарашасынан бастап – Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бөлісу:
Астана қаласы Есіл ауданының әкімі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар