Спорт
1 мин оқу 111

Асығы алшысынан түсті

<p style="text-align: justify;">Павлодарда үстел теннисінен жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды. Бұл жарыстан күні кеше ғана әлемдік додаға қатысқан Алан Құрманғалиев пен Сарвиноз Мірқадырова ғана босатылды.</p>

Асығы алшысынан түсті

Ұлдар арасында Абдолла Мамайдың мерейі үстем болды. Алматылық өрен финалда жергілікті спортшы Қадырғали Қабдылуахитовты қапа қалдырды. Үшінші орында – Ши Данян (Алматы) мен Арнұр Оралханов (Шығыс Қазақстан). Қыз­дар арасында Әлбина Жақсылықова жеңімпаз атанды. Қарағандылық қыз ақтық сында әріптесі Жанерке Көшкінбаевадан басым түсті. Дарья Фу (Қа­рағанды) мен Алиса Цви­гун (Астана) үздік үштікті түйіндеді. Ер­лердің жұптық бәсекесінде А.Мамай мен Қ.Қаб­дылуахитовқа тең келер еш­кім табылмады. Қыздар арасында Вик­­тория Мочалкина мен Дарья Фу (Қа­­ра­ғанды) қарсылас шақ кілтірмеді. Аралас жұп­тардың тартысы А.Мамай мен Шахзода Ахмадалиева (Түркістан) жеңі­сімен аяқ­талды.

Павлодардағы жарыста Абдолла Мамай­дың асқан шеберлігіне тәнті болдық. Ол бәсекелердің барлық түрінен бас жүлдені олжалап, еліміздің абсолютті чемпионы атанды.

Бөлісу: