Қоғам
2 мин оқу 210

Қолданбалы зерттеу орталығы

<p style="text-align: justify;">&laquo;MIND&raquo; атты қолданбалы ғылыми зерттеу орталығы ашыл&shy;ды. Maqsut Narikbayev University-де ашылған орталық ғы&shy;лы&shy;ми ой мен тәжірибені &laquo;Think &amp; do tank&raquo; форматында бі&shy;рік&shy;тіретін алаң болмақ. Аталған формат тек ұсыныстар бе&shy;ру&shy;мен ғана шектелмей, әрекет етуге бірегей мүмкіндік жасау&shy;ды көздейді.</p>

Қолданбалы зерттеу орталығы

Орталықтың ашылуында­ Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек күрделі геосаяси, экономикалық және өңірлік жағдайларда аналитика, сараптамамен жұмыс істеудің өзекті екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Ғылым және жоғары білім министрлігі «MIND» ғылыми-талдау орталығының жобалары мен бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.

про

Ал министрден соң сөз алған Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрік­­баев ғылыми орталыққа қа­тыс­­ты ойын: «Қазіргі уақытта уни­верситет оқытушылық ба­ғыт­тан зерттеу бағытына көшу­ге­ арналған жаңа даму страте­гия­сын әзірледі, ал «MIND» қол­данбалы ғылыми зерттеу орта­лығы – осы стратегияның ажырамас бөлігі», деп жеткізді.

Орталықтың ашылуы аясында «MIND»-тің кейбір ғылыми зерт­теулерінің нәти­же­лері таныстырылды және соңында ғылыми орталық бойын­ша экскурсия өткізілді, оның барысында бірқатар халық­а­ралық ұйыммен, мем­лекеттік органдармен және квази­мемлекеттік компаниялар­мен әріп­тестік келісімдер жасалды.

Орталықты ұйымдас­ты­­­ру­­­шы­лардың ақпаратына сү­йен­сек, «MIND» орта­лығы Орта­­­лық Азия мен жалпы әлем­де тұрақты дамуға ұмты­лу және қолданбалы зерттеу­лер жүргізетін сарапшылар­ды бірік­тіру мақсатында құрылды. Сон­дай-ақ орталық тәуелсіз қол­данбалы зерттеулер жүргізу, стра­тегиялық шешімдер қабыл­дау сапасын дамыту, кеңес беру, әріптестік орнату және «MIND» институционалдық тұрақ­тылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ал талдау орта­лы­­ғының құндылық­тары жүр­гізі­ліп жатқан зерттеулер­дің тәуелсіздігінен, академиялық адалдықтан, ынтымақтастық пен серіктестіктен, ашық­тықтан, қоғаммен байланыс­тан және нәтижелерге қол жеткізуден тұрады. Сонымен қатар «MIND» орталығы – аталған университет пен Парламент Сена­ты­ның бірлескен жобалық кең­се­сі. Бұл өзекті заңнамалық бас­тама­ларды әзірлеуге ықпал етеді. 

Бөлісу:
Қолданбалы зерттеу орталығы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар