Саясат
1 мин оқу 95

Ықпалдастық нығаяды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты делегациясының мүшелері Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінде әріптестерімен жұмыс бабындағы кездесу өткізді.</p>

Ықпалдастық нығаяды

Парламент Сенаты аппаратының басшысы Максим Споткай мен Федерация Кеңесі аппаратының басшысы Геннадий Головтың кездесуі барысында өзара іс-қимылды одан әрі нығайту талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Тараптар сондай-ақ ынтымақтастық туралы тиісті меморандумды әзірлеу және оған қол қою мүмкіндігін талқылады.

Максим Споткай басқосуда елдері­міз екі жақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер бойынша барлық деңгейде өзара тиімді және нәтижелі іс-қимылды өрістетіп келе жатқанын атап өтті.

«Қазақстан мен Ресей басшылары кездесулер мен консультацияларды жүйелі түрде өткізіп келеді. Парламенттер арасында да тиімді жұмыс қатынасы қалыптасты. Сенат төраға­сы Мәулен Әшімбаев пен Федера­ция Кеңесінің төрағасы Валенти­на Матвиенконың бастамасымен парла­ментаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс жүзіндегі шаралар жоспарына қол қойылып, табысты жүзеге асып келеді. Біздің кездесу, шын мәнінде, сол жұмыстың жалғасы», деді М.Споткай.

Геннадий Голов өз кезегінде парла­мент­тер палаталарының аппарат­тары ара­сындағы өзара іс-қимылдың жоғары дең­­гейін атап өтті. Ол сондай-ақ тәжірибе ал­масу жұмысына қарқын беру үшін ап­­па­раттардың тиісті құрылымдық бөлім­шелері қызметкерлерінің өзара тағы­лымдамасын ұйымдастыруды ұсынды.

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар электрондық құжат айналымында, ақпараттық жүйелерде, заңнама­лық үдерістерді ұйымдастыруда және аппарат қызметінің өзге де салаларында жаңа тәсілдерді қолдану мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Ықпалдастық нығаяды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар