Қоғам
1 мин оқу 243

Анамды іздеуді тоқтатпаймын: Бельгиядан келген Жәнібек жоспарын айтты

<p>1 наурыз &ndash; Алғыс айту күніне орай &laquo;Қазақстан&raquo; телерадиокорпорациясының Қазақ радиосы дәстүрлі &laquo;Мың алғыс&raquo; шарасын өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Анамды іздеуді тоқтатпаймын: Бельгиядан келген Жәнібек жоспарын айтты

Биылғы шараның басты кейіпкерлерінің бірі – Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек Савельев. Өткен жылдың желтоқсанында елге келіп, Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы анасын іздеген Жәнібекке қатысты жүргізілген зертту жұмыстары нәтижесінде 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы табылды.

Ал Жәнібектің өз анасына қатысты іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Шарада Жәнібек туған халқына алғысын жеткізді.

- Туған анамды іздеу осыншалықты қиын болады деп ойлаған жоқпын. Мен Қазақстанға келген кезде бірден анамды тауып алып, онымен кездесемін деп жоспарладым. Анамды іздеуім арқылы менен бөлек 4 баланың туған аналары табылғанына өте қуаныштымын. Бұл мен үшін мотивация, анамды іздеуді тоқтатпаймын. Қазақ жұртына, туған халқыма менімен бірге болғандары үшін үлкен рақметімді айтамын! - деді Жәнібек Савельев.

Бөлісу:
Анамды іздеуді тоқтатпаймын: Бельгиядан келген Жәнібек жоспарын айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар