Ғылым
2 мин оқу 150

Құжаттарға онлайн қол қояды

<p style="text-align: justify;">&laquo;500 ғалым&raquo; бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамасының барлық жеңімпазы онлайн форматта оқуға келісімшарт жасасты. Енді осы тағылымдама бойынша стипендиаттар мен олардың кепілгерлері Астанаға келуге мәжбүр болмайды.</p>

Құжаттарға онлайн қол қояды

Ғылым және білім министрлігі «Болашақ» сти­пендиясының шарт­тарына онлайн қол қою мүмкіндігі іске қосылғанын хабарлады. Бұған дейін келісімшарттар жасау үдерісі 90 күнге дейін созылатын, өйткені стипендиаттар мен стипендиаттардың кепілгерлері Астана қаласындағы «Халықаралық бағдарламалар ор­та­лығы» АҚ кеңсесіне өзі келуге мін­детті болатын. Ендігі жерде шарттарға қол қою стипендиат­тар мен кепілгерлердің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, TrustContract сервисі арқылы жүзеге асырылады. Әрбір қол қоюшыға SMS хабарлама арқылы шарттың мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі.

Ғылым және жоғары білім ми­нистрі С.Нұрбек осы мәселеге қатыс­ты: «Ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Ха­лықаралық бағдарламалар орталығы» бизнес-үдерістерді оңтайландырып, бюрократиялық процедураларды азайтып, цифрлық форматқа кө­шіп жатыр. Жұмыс тобы ғылыми тағы­лым­дамадан өтушілердің келісім­шартқа отыру үдерісін жедел цифр­лан­дыру міндетін қойған болатын. «500 ғалым» бағдарламасының жеңім­пазы болып төртінші лекте 481 ға­лым атанды және олардың барлығы бір­не­ше кепілгерлермен бірге келісімшарт­тар жасасу үшін өз аймақтарынан Аста­на­ға келіп, жол жүруіне, тұруына және кезекке тұруына жеке қаражатын жұмсаушы еді. Енді бүкіл үдеріс бір-екі күнге созылып, ыңғайлылық пен шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді», деп жауап берді.

Министрліктің хабарлауынша, та­ғылымдама бағыты бойынша «Бола­шақ» стипендиясының иегерлері үшін де онлайн келісімшарт­тар жасау үдерісі  қолжетімді. Жақында магистра­тура және докторантура ба­ғыт­тары бойынша «Бола­шақ» стипендиаттары үшін де келісімшарттарға цифрлық қол қою қолжетімді болады. Қазіргі уақытта кепіл мүлкін цифрлық тіркеу үдерісі Цифрлық даму, иннова­ция­лар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен пысықталып жатыр.

Бөлісу:
Құжаттарға онлайн қол қояды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар