Саясат
2 мин оқу 110

Парламентаралық серіктестік артып келеді

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Феде&shy;рация&shy;сының Қазақ&shy;стан&shy;дағы Төтенше және Өкі&shy;летті Елшісі Алексей Боро&shy;дав&shy;кинді қабылдады. Тарап&shy;тар екіжақты қарым-қа&shy;тынастарды дамыту мә&shy;селелерін талқылады.</p>

Парламентаралық серіктестік артып келеді

Ерлан Қошанов Ресей мен Қазақстан Тату көрші әрі одақ­тастық туралы шартты негізге ала отырып, ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.

– Мемлекет басшылары біздің түрлі саладағы өзара бай­ла­ны­сымыздың жоғары қарқы­нын айқындап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Пу­тин­нің қатысуымен өңірара­лық ынтымақтастық форумдары тұрақты түрде өткізіліп, нәти­жесінде маңызды эконо­микалық жобалар қолға алынды. Біздің елдер арасындағы тауар айналымы тұрақты өсіп келе­ді және 70 пайыз өңірлер ара­сын­дағы тікелей сауда ар­қылы қамтамасыз етіліп отыр,  – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы парла­мент­а­ра­лық ынтымақтастық Қазақстан-Ресей байланысының маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты. Мемлекеттік Думадағы әріптестермен түрлі формат­тағы  достық топтары және па­лата­аралық парламенттік комис­сия аясындағы ықпалдастық артып келеді. Депутаттар ТМД Парламентаралық Ассамб­леясы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, Парламентаралық одақ және басқа да көпжақты форумдар алаңында тұрақты түрде пікір алмасып келеді.

– Биыл Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық етіп отыр. Маусым айында Алматыда ұйымның Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді деп жоспарланған. Біз ресейлік әріптестерімізді Қазақстанда күтеміз, – деді Ерлан Қошанов.

Өз кезегінде Елші Алексей Бородавкин Қазақстанмен қоғам­дық-саяси, сауда-эко­но­микалық және мәдени-гуманитарлық сала­ларда дамып келе жатқан кең ауқым­дағы ынтымақтастыққа Ресей үлкен көңіл бөлетінін айтты.

Тараптар Мәжіліс төраға­сының Ресейге ресми сапары­на дайындық барысын, сон­дай-ақ Қазақстан депу­тат­тарының Ресей Федера­циясын­дағы Пре­зидент сайлауын бақылауға қатысуын талқылады.

Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты қарым-қаты­­насты нығайтуға, соның ішін­де парламентаралық ынты­мақ­тастық аясында дамытуға келісті.  

Бөлісу:
Парламентаралық серіктестік артып келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар