Дін
2 мин оқу 723

Мектеп оқушыларына ораза ұстауға бола ма?

<p style="text-align: justify;">11 наурызда қасиетті Рамазан айы басталады. Ауыз бекітуге ниет етушілер оразаға дайындық амалдарын жасап, оның шарттарын білген абзал. Осы мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни оңалту бөлімінің басшысы Хасан Аманқұлдан&nbsp;Ораза ұстаушылар арасында жиі қойылатын сауалдардың жауабын сұрап білдік, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мектеп оқушыларына ораза ұстауға бола ма?

ҚМДБ өкілінен ораза ұстау барысында көңілде күмән тудыратын, алғаш рет ауыз бекітуге ниет еткен жандар үшін маңызды іс-әрекеттердің анық-қанығын білдік.

аа

Фото: МҮФТИЯТ ҚМДБ youtube арнасы

- Түкірік, қақырық жұтқанда ораза бұзыла ма? Ауызды салқын сумен шаюға рұқсат па?

- Түкірік, қақырық жұту оразаны бұзбайды. Бірақ әдейі түкірігін аузына жинап ішке жұту – мәкруһ. Ауызды салқын сумен шаюға рұқсат беріледі, бірақ ол да мәкруһ саналады. Сондықтан мұндай істерден барынша сақтанған жөн.

- Сәресіне тұра алмай қалса қай уақытқа дейін ауыз бекітуге болады? Оразаны жалғастыруға бола ма?

- Сәресіне тұра алмаса, оразасын сәресіз әрі қарай жалғастыра береді. Себебі ораза ұстайтын адамға таң атқаннан кейін жеп-ішуге болмайды.

- Дәрет алмай ауыз ашуға бола ма?

- Намаз оқу үшін дәрет алады. Оразаның сәресі немесе ауызашары үшін дәрет алу шарт емес.

- Ораза ұстаған адамдар белгілі себептермен ауыздарын ашып жатады. Асылында ауызды қандай себептермен ашуға болады?

- Ораза ұстай алмайтын дәрежеде науқастанып қалған адамға, әлсіз қарт адамға, жолаушыға оразасын ашуға рұқсат етіледі.  

- Қадір түнін таңға дейін ұйқысыз өткізу шарт па?

- Қадір түнін құлшылықпен ұйқысыз өткізу – мұстахап, яғни ерікті ғибадат. Ешбір адамға түнді ұйықтамай өткізуді міндеттеу дұрыс емес.

- Оқушыларға ораза ұстауға бола ма?

- Шариғат бойынша дені сау адам ораза ұстауға міндетті. Ал балиғат жасына толмаған балаға құлшылық жасау, оның ішінде ораза ұстау шарт емес.

- Жауабыңызға рақмет!

Бөлісу:
Мектеп оқушыларына ораза ұстауға бола ма? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар