Есірткі
1 мин оқу 130

Астанада ең ірі есірткі зертханасы жойылды

<p style="text-align: justify;">Астана қаласында жасырын синтетикалық есірткі өндіру зертханасы анықталып, жойылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Астанада ең ірі есірткі зертханасы жойылды

Аталған іс бойынша екі күдікті ұсталды. 

«Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 кг астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды. Алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады. Бұдан басқа, Астана қаласының тағы бірнеше ауданында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар есірткі өндірісін ұйымдастыру үшін арналған», делінген комитет таратқан хабарламада. 

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Астанада ең ірі есірткі зертханасы жойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар