Спорт
1 мин оқу 243
Азия чемпионаты: Диана Жұмағұлова 4 жүлде жеңіп алды
<p style="text-align: justify;">Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Диана Жұмағұлова суға секіруден 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Olympic.kz мәліметінше, бүгін отандасымыз 7 метрлік тұғырдан секіруден күміс жүлдегер атанды. Бұған дейін 19 жасар спортшы жекелей бәсекеде қола медаль еншілеген еді.
Сондай-ақ Диана Жұмағұлова Анабелла Кочкинамен бірге жұптық сайыста 1 алтын және 1 күміс жүлде иеленді.
Бөлісу: