Заң
1 мин оқу 233
Студенттер сотқа шақырылды
<p style="text-align: justify;">Көкшетауда аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтағаны үшін «К» есімді қала тұрғыны 4 жылға сотталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Азамат «К» «Telegram» мессенджері арқылы шартты жерде «бетбелгі» түрінде қалдырған психотроптық заттарды сатып алғаны анықталды.
Екінші белгіні табуға беттеген оны полиция қызметкерлері есірткіге еліткен күйде қолға түсірді.
Сот кінәлінің жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеу және нашақорлықтан емдеу туралы үкім шығарды.
Жастар арасында синтетикалық есірткі қолдану шеңберін шектеу, оқиғадан ой түйдіру мақсатында сот ашық түрде өтті. Процеске студенттер тыңдаушы ретінде қатысты.
Бөлісу: