Оқиға
1 мин оқу 173
Астанада пәтер өртеніп, 38 адам эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін сағат 18:38-де Астана қаласы Нәжімеденов 39 мекенжайы бойынша төртінші қабаттағы пәтерде өрт шыққанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт салдарынан айналаға қою түтін тараған.
«Өрт сөндірушілердің күшімен қазіргі уақытта 30 адам құтқарылды, оның 15-і бала, 38 адам эвакуацияланды, оның ішінде 15 бала бар. Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 29 адамы және 8 техникасы жұмылдырылды. Жалын 30 метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 19:29-да сөндірілді», делінген ТЖМ хабарламасында.
Бөлісу: