Оқиға
1 мин оқу 175

Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі де сөндіріліп жатыр

<p style="text-align: justify;">2 наурыз күні сағат 15.45-те Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы орман шаруашылығы аумағында 100 гектар алқаптағы қамыс өсімі өртенді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі де сөндіріліп жатыр

Сағат 17.57-де қамысты сөндіруге Құрманғазы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімінен 36 адам, 5 бірлік мотопомпа, 1 бірлік техника, 4 моторлы қайық жұмылдырылды.

3 наурыз сағат 12.30-да Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіру әлі де жалғасып жатыр. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиға орнына жеке құрамның 35 адамы, моторлы қайық, 6 мотопомпа және орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.

«Өртті сөндіруді батпақты жер және тығыз өсімдіктер қиындатады, бұл арнайы техниканың өтуіне кедергі болады», деп хабарлады ТЖД.

Бөлісу:
Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі де сөндіріліп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар