Аймақтар
1 мин оқу 201

Шәмші әндері шырқалды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облыс&shy;тық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құ&shy;рылған &laquo;Ағайын&raquo; қазақ мәдени қоғамдық бірлестігі &laquo;Шәмші әлемі&raquo; атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.</p>

Шәмші әндері шырқалды

Достық үйінде өткен ма­ғыналы іс-шараға өңірдегі этномәдени қоғамдық бірлестік­тердің төрағалары мен мүше­лері, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі филиалы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылығы қатысты. «Ағайын» бірлестігінің жетекшісі Арман Биғалиев «Алғыс айту» күні қар­­саңында қойылған концерт бағ­дарламасында достық тақы­рыбына көңіл бөлген екен.

Сахнада халқымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдая­қовтың «Кешікпей келем деп ең», «Сыған серенадасы», «Қайықта», т.б. әндерінің дүниеге келу тарихынан сахналық қойылым көрсетілді. Концерт барысында Шәмшіні көрген жандардың бейне естелігі және композитор әндерінен бейнероликтер көр­сетілді.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Шәмші әндері шырқалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар