Қылмыс
1 мин оқу 200

18 жастағы алаяқ

<p style="text-align: justify;">Елімізге шетелден әкелінетін авто&shy;кө&shy;лік&shy;терді алғашқы есепке қою мен ути&shy;ли&shy;за&shy;ция&shy;лық төлемнің шектен тыс жо&shy;ға&shy;ры болуы ел тұр&shy;ғындарын заңды ай&shy;на&shy;лып өтетін түрлі амалдарға баруға итер&shy;мелеп жатыр. Осы жолда кейбірі арзан ақ&shy;ша&shy;ға жасап беремін деген алаяқтардың құ&shy;ры&shy;ғы&shy;на түседі. Ақтө&shy;бе&shy;де болған оқиға &ndash; со&shy;ның бір дәлелі.</p>

18 жастағы алаяқ

Полиция бөліміне жергі­лікті тұр­ғын белгісіз ер адам ала­яқтық жолмен одан 300 мың теңге алып, жақын шетел­ден әкелінген автокөлікті есепке қоюға көмектесуге уәде бергенін, алай­да уәдесін орындамағанын айтып арыз­данған. Жедел-іздестіру іс-шара­ларының нәтижесінде тәр­тіп сақшы­ла­ры күдіктіні анықтап ұстады. Ол Маң­ғыс­тау облысының 18 жастағы тұр­­ғы­­ны болып шықты. Күдікті өз кінә­сін мойындады.

Қазіргі уақытта ұсталған адам­ның тағы екі эпизодқа қаты­сы бары анық­талып отыр. Алаяқ­тық факт бо­йынша сот­қа дейінгі тергеу бас­талды. Күдік­ті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Ақтөбе облысының полиция де­пар­­таменті халықты шетелден әке­лі­­­н­ген автокөлікті аз ақшаға есепке қойып беремін деген қызмет түр­­л­е­рінен бас тартуға шақырады. Де­ген­­мен алғашқы есепке қою мен ути­­ли­зациялық төлем шектен тыс көп болып тұрғанда мұндай қыл­мыс­тардың тыйылуы екіталай екені рас. Өйт­кені әлемнің басқа еш­бір елінде кез­деспейтін осындай «тө­лем­дер» салдары­нан шетелден сатып алынған көлік­тің бағасы екі есе­ле­ніп кетеді. Ал мұны халық­тың көп бө­лі­гінің қалтасы көтере бер­мейді. Сон­дық­тан олар заңды бел­ше­сі­нен басатын әлгіндей қитұрқы жолдарға баратыны белгілі.

Бөлісу:
18 жастағы алаяқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар