Оқиға
1 мин оқу 160

Өскеменде тұрғын үй өртінен бір адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында пәтер өртеніп, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Өскеменде тұрғын үй өртінен бір адам қаза тапты

ТЖМ мәліметіне сәйкес, өрт Бажов көшесінде 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан.

«Өрттің ауданы 13 шаршы метрді құрады. Өрт орнында түтіннен уланған белгілері бар және денесін күйік шалып, қайтыс болған 1986 жылғы тұрғынның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – отты абайсыз пайдалану», делінген ведомство хабарламасында.

Қызыл жалынның басылуына ТЖД жеке құрамынан 9 адам жəне 3 техника тартылған.

Бөлісу:
Өскеменде тұрғын үй өртінен бір адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар