Экономика
1 мин оқу 25,850

8 наурызға орай аналарға жәрдемақы беріледі

<p style="text-align: justify;">Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға бір реттік материалдық төлем беріледі. Алайда жәрдемақы бүкіл ел аумағын қамтымайды. Тек 5 облыстың әкімдігі &laquo;Алтын алқа&raquo;, &laquo;Күміс алқа&raquo; иеленген батыр аналарға қаржылай құттықтау жолдамақ. Жәрдемақының жиынтығы өңірлердің бюджетіне қарай әртүрлі есептеледі, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;1tvkz-ке сілтеме жасап.</p>

8 наурызға орай аналарға жәрдемақы беріледі

Мәселен, Абай облысының әкімдігі 19 мың анаға, Шығыс Қазақстан облысының шенділері 4 баладан көп отбасыларға, І, ІІ дәрежелі ана даңқын иеленген келіншектерге  15 000 теңге көлемінде жәрдемақы төлеуді жоспарлап отыр.

Павлодар облысының ақ жағалылары да аналарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай қолдау көрсетпек. 

Осындай сыйды Қарағанды облысындағы 7 000 әйел алса, Солтүстік Қазақстан аймағындағы 7600-ге жуық көпбалалы аналарға 18 000 - 36 000 теңге аралығында бір жолғы жәрдемақы төленеді.

Көпбалалы отбасылар тізімінде көш бастап тұрған Түркістан облысы әкімдігі 42 250 анаға материалдық сый жасайды.

Жауаптылар бір реттік жәрдемақы 7 наурызға дейін аналардың есепшотына түсетінін хабарлады. 

Ал өзге аймақтың атқа мінерлері бұл тақырыпта үн қатпады.

Бөлісу:
8 наурызға орай аналарға жәрдемақы беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар