Семейде жасөспірім аспалы көпірден секірмек болған
<p style="text-align: justify;">Осы жылдың 3 наурызында Семей қалалық 112 шұғыл қызмет арнасына 17 жастағы жасөспірімнен қоңырау келіп түседі. Ол операторға өз өмірін қиғысы келетінін айтқан, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап. </p>

Құтқару қызметінің операторы жасөспіріммен сөйлесіп жатқанда, патрульдік полиция батальонының экипажы – қызметкерлер Дамир Ахметбеков пен Райымбек Егіналиев қоңырау келіп түскен орынға жедел аттанып, 3 минутта жетіп үлгерген.
Р.Егіналиев көпірден секірмек болған балаға сақтықпен жақындап, қауіпсіз орынға қарай тартып алады.
Айта кетейік, жасөспірімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қазір психолог мамандар баламен жұмыс істеп жатыр.