Бағдат Мусин туған күніне орай балаларынан ерекше сыйлық алды
<p style="text-align: justify;">Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде туған күніне орай балаларынан қандай сыйлық алғанын көрсетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

3 наурызда министр 41 жасқа толды. Балалары әкесінің туған күніне орай тосын сый дайындаған. Олар оның кішкентай кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі суреттерінен тұратын фотоальбом ұсынған.
«Отбасым — тірегім, берік іргем. 41 жасыңда өзіңді толық бақытты адам сезіну қандай ғажап! Себебі, менде олар бар - ең жақын жандарым. Қандай жағдай болмасын қолдап жүретін отбасым барда менің көңілім тоқ. Таңнан бері құттықтап жатқан барша жанға алғысым шексіз!», деп жазды Бағдат Мусин.