Алматы
1 мин оқу 260

Алматы метросы уақытша жабылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматы қаласында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық метро уақытша жабылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы метросы уақытша жабылды
Осыған байланысты Алматы метросының баспасөз қызметі жолаушыларға маңызды үндеу жасады.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында метрополитен мамандары туннельдерді тексеру жұмыстарын жүргізе бастады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінен жұмыс орындарына кіруге рұқсат алғаннан кейін үш сағат ішінде метрополитен жұмысы қайта жанданады. Метро аймағында ешқандай зақым жоқ, жолаушылар эвакуацияланды», делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.

Бөлісу: