Оқиға
1 мин оқу 145
ШҚО-дағы тау-кен кәсіпорынында жұмысшы көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Маралды ауылындағы тау-кен кәсіпорнында «Мырзатаев» ЖК краншысы қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бұл туралы YK-news хабар таратты.
«Жұмыс барысында кран сынып қалған соң, тізгінде болған жұмысшы бульдозер жүргізушісінен техниканы сүйреуді сұраған. Бірақ қауіпсіздік шаралары сақталмай, жұмысшыны кран басып қалған. Краншы сол жерде жан тапсырды», делінген хабарламада.
Оқиға орнына мемлекеттік еңбек инспекторы барды.
Кәсіпорында еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Бөлісу: