Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Әкімнің айтуынша, өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалып отыр.
«Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған», делінген хабарламада.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.