Президент
1 мин оқу 190
Алматыдағы жер сілкінісі: Төтенше жағдайлар министрі Президентке жағдайды баяндады
<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстарын Президентке баяндады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр», деді Шыңғыс Әрінов.
Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты министрлікке тұрғындардың амандығын қамтамасыз етіп, Алматыдағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.
Президент қала әкімі Ерболат Досаевқа да жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жүктеді.
Бөлісу: