Парламент
1 мин оқу 181

Соттан Парламентке дейін: 33 жастағы жаңа Мәжіліс депутаты кім?

<p style="text-align: justify;">Amanat партиясы өз құзыретіндегі бос орынды&nbsp;Нұрсұлтан Байтілесовке бермек. Партия шешімі Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Соттан Парламентке дейін: 33 жастағы жаңа Мәжіліс депутаты кім?

Нұрсұлтан Байтілесов - 33 жаста. Ол бұған дейін Мәжіліс депутаты болған, қазіргі қаржы министрі Мәди Тәкиевтің орнын басады. Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Әр жылдары Астана, Атырау, Павлодар облыстарының сотында еңбек етті. Сондай-ақ Әскери сот әкімшісінің басшысы, Шымкент қаласындағы соттардың әкімшісі болды.

2020-2023 жылдар аралығында Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Бөлісу:
Соттан Парламентке дейін: 33 жастағы жаңа Мәжіліс депутаты кім? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар