Үкімет
1 мин оқу 124

Күн тәртібі бекітілді

<p style="text-align: justify;">Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросы өтіп, депутаттар 7 наурыз күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.</p>

Күн тәртібі бекітілді

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл құжат халықаралық іскер­лік операцияларда мемлекеттік кірістің жоғалуын болдырмауды көздейді. Сондай-ақ заң нормалары капиталды шығаруды бақылау тетіктерін күшейту үшін тараптардың өзара байла­ныстылығын анықтау жолдарын кеңейтеді.

Бұдан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақты коми­теттеріне бөлініп берілді.

Бөлісу:
Күн тәртібі бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар