Қазақстан
1 мин оқу 150

Қазақстанда бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізілді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков елімізде стандарт жинақы құрылысты енгізу туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізілді

Вице-министрдің айтуынша, өңірлерде бас жоспардан ауытқуы бар егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын түзету мәселелері бар. Мұндай ауытқулардың алдын алу үшін 2024 жылғы қаңтардан бастап бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізілді. Бұл қала құрылысын жоспарлау кезеңінде сәулет-құрылыс нормаларынан ауытқуларды болдырмауға оны бекіткенге дейін бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қалаларды абаттандыру мақсатында Жол картасының типтік нысаны әзірленіп, әкімдіктерге бекітуге жіберілді. Министрлік тарапынан Жол карталарының орындалуын бақылау қамтамасыз етіледі.

Бөлісу: