Қоғам
1 мин оқу 440
8 наурызда әйелдер қоғамдық көлікте тегін жүреді
<p style="text-align: justify;">Ақтауда әйелдер 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл туралы Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Ақтау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдерінің айтуынша, №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 бағыттар бойынша әйелдер тегін жүре алады», деп хабарлады әкімдік.
Қоғамдық көлік тұрақты кестеге сәйкес 06:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.
Бөлісу: