Елорда
1 мин оқу 210

Елордада бұрымдылар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді

<p class="selectable-text copyable-text iq0m558w g0rxnol2" dir="ltr" style="text-align: justify;"><span class="selectable-text copyable-text">Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында ат спортынан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>

Елордада бұрымдылар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді

Елдің түкпір-түкпірінен жиналатын бұрымдылар 8 наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.

Олар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі:

  • № 1 маршрут «Ашық класс санаты»;
  • № 2 маршрут «Жастар санаты»;
  • № 3 маршрут «Әуесқойлар санаты»;
  • № 4 маршрут «4 жасар жас жылқылар санаты»;
  • № 5 маршрут «5 жасар жас жылқылар санаты»;
  • № 6 маршрут «6 жасар жас жылқылар санаты».

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 млн теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде басталады.

Бөлісу:
Елордада бұрымдылар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар