Ауа райы
1 мин оқу 8,520
Күн жылынады. Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады
<p>Алдағы күндері елімізде ауа райы 15 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазгидрометтің мәліметіне қарағанда, 5-6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қар болжанады.
7 наурызда атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, жаңбыр мен қар, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, тек еліміздің шығыс аймақтарын қоспағандаға болжам осындай. Қазақстан бойынша тұман күтіледі.
Термометр бағаны 7 наурызда күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 дейін болса, оңтүстікте 5-15 градусқа дейін жылиды.
Бөлісу: