Спорт
1 мин оқу 110

Жаманшалова – жеңімпаз

<p style="text-align: justify;">Су спортынан Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласындағы Азия чемпионатында Қазақстанның жүзушілері 36 жүлде алып, құрлықтың 14 рекордын жаңартқаны жайында біз бұған дейін де жаздық.</p>

Жаманшалова – жеңімпаз

Аталған жарыс әлі де жалғасып жатыр. Кеше артистік жүзуден өткен сайыста жерлестеріміз өз жанкүйерлерін қуантты. Қыз­дар арасындағы бәсекеде Карина Мағрупова асқан шеберлік танытып, алтыннан алқа тақты. Күміс және қола медаль таи­ландтық Патрави Чаяварарак пен өз­бекстан­дық Зиёдахон Тошхужаеваға бұйырды.

Ал еркін соло бағдарламасында аса дарынды жас Даяна Жаманшалова жеңімпаз атанды. Қазақ қызы шешуші тұста қытайлық Ю Дай мен өзбек Сабина Махмудовадан озды.

Бөлісу:
Жаманшалова – жеңімпаз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар