Қоғам
1 мин оқу 1,350
Алматыда тағы да жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">Бүгін Сейсмологиялық зерттеу институтына қарасты сейсмикалық стансалар желісі Алматыда тағы да жер сілкінгенін мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жер сілкінісі 6 наурыз сағат 05:09 кезінде тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы − 12.6. Магнитудасы − 5.4. Тереңдігі − 10 шақырым. Алматылықтар қуаты 2 балл болатын жер дүмпуін сезді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 4 наурызда жер сілкінген еді. Ол кезде жер дүмпуінің қуаты 5 балға жеткен болатын.
Бөлісу: