Лицензиялық турнир: Қазақстанның үш боксшысы шаршы алаңға шығады
<p style="text-align: justify;">Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Әлемдік лицензиялық турнирде бүгін шаршы алаңға шығатын үш жерлесіміздің жекпе-жегін Қазақстан уақытымен Бокс федерациясының инстаграм арнасының тікелей эфирінен көруге болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Айбек Оралбай алғашқы айқасын өткізбек, Сәкен Бибосыновты екінші кездесуі күтіп тұр, ал Римма Волосенко турнирдегі үшінші жекпе-жегіне шығады.
Сағат 15:00-де 60 келі салмақта Римма Волосенко – Камила Паоло Пинейро Муйно (Уругвай) бақ сынайды.
Шамамен сағат 00:30-да 51 келі салмақ бойынша Сәкен Бибосынов – Давид Каранжа Мачариа (Кения) ойыны өтеді.
Сағат 01:15-те 92 келіде Айбек Оралбай – Санжит (Үндістан) жекпе-жегі жоспарланған.
Боксшыларымыздың жекпе-жектерін boxingkazakhstan инстаграм парақшасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.